4 рет бақтарын сынайтын болады

445
фото Sputniknews.kz

Еліміздің білім беру жүйесіне тағы да жаңалықтар енгізілді. Енді мектеп бітіруші түлектер ҰБТ- ны 4 рет тапсыра алады. Бір жыл бойына берілетін мүмкіндіктерді абитуриенттер қаңтардан бастап пайдаланбақ. Бірақ, білім көрсеткішін анықтағысы келгендер сынақты ақылы түрде тапсырады.

11 сынып оқушысы Қалдыбай Тоғанаев алтын белгі үміткері. Мектебінің үздік оқушысы қазір ҰБТ- ға қызу дайындық үстінде. Жылдар бойы жинаған білімін жоғары деңгейде дәлелдегісі келеді. Мақсатына жүйеге енген жаңалық жеткізетініне сенімді. Айтуынша, 4 рет ҰБТ тапсыру түлектерге тек оң әсерін береді.

Бақтарын 4 рет сынайтын болашақ студенттер қаңтар, наурыз айларында тестті ақылы түрде тапсырады. Құны 2242 теңгені құрайтын ақылы ҰБТда оқушалыр 50-ден жоғары балл жинауы керек. Сонда ғана жоғарғы оқу орнына ақылы түрде түсуге мүмкіндік алмақ. Ал, маусым айындағы ҰБТ грант иелерін анықтайды. Егерде басты тестілеуде сүрінген жандар болса, тамыз айында қайта білімдерін дәлелдеулері керек.

Сонымен ҰБТ-ның негізгі форматы өзгерген жоқ. Түлектер бұрынғыдай білімдерін 5 пән бойынша сынайды. Оның 3 міндетті Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Ал, қалған екі пән жоғарғы сынып оқушысының өз таңдауы бойынша жүргізілмек.

Биылғы жылдың алғашқы ҰБТ-сі 15 қаңтарда өткізіледі. Бұл сынақта қаламыз бойынша 4014 талапкер білімдерін сынағалы жатыр.

Назерке Үкібасова