Босанып жатқан келіншектің ішінен 50 тас алып шыққан

535

Бұл – Талғат Шауенов. Босанып жатқан келіншектің ішінен 50 тас алып шыққан дәрігер. Кәсіби маман толғағы қысқан азаматшаның өттегі тасын дер кезінде алып тастап, сәби мен анасын аман алып қалған.

Ең алдымен, кесарь тілігі арқылы іштегі баланы алған. Мұнан кейін өттегі тасты алыпты. Санағанда бір емес, 50 тас шыққан. Дәрігерлер сәл кешіккенде, сәби түгілі жас ананың өзінен де айырылып қалар едік дейді.

«Бірінші кесарь тілігі арқылы баласын алып, екінші кезеңде өт жолдарын ашып, өттің жүруін қамтамасыз еттік. Сондай шешімге келіп, науқастың өзіне, туыстарына айтып, бірлескен ота жасадық», — дейді №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шәуенов.

Айта кетейік, өтінен 50 тас шыққан жүкті келіншек 12 жыл бойы сәби сүюді армандаған. Дәрігерлердің біліктігі арақасында ананың үміті ақталып, қаншама жылдар бойы асыға күткен сәбиімен қауышты.

Талғат Шауенов- №1 қалалық клиникалық ауруханада (бұрынғы РОЩА) бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарады. Білікті маман осы күнге дейін 5000 жуық отаға қатысқан. Жалпы медицина салсында 28 жыылдан еңбек етіп келеді.

Шымкент Дсб