Нью-Йорк тұрғыны 10 мың доллары бар сөмкені тауып алып, оны қазақстандық әйелге қайтарды

333
© CBSN

Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллары болған сөмкені жоғалтып алған қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға ақшасын қайтарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz CBS New York басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық әйел сөмкесін желтоқсанда метрода жоғалтып алған екен. Басылымның мәліметінше, әйел ол ақшаға балаларына жаңажылдық сыйлықтар алмақшы болған. Нью-Йорк тұрғыны сөмкені метродағы платформалардың бірінен тауып, оның иесін іздестіре бастаған. Сөйтіп ол қазақстандық әйелді 10 қаңтарда бір-ақ тапты.

«Ричард — өте адал адам, ол менің Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың өмірі жайлы түсінігімді өзгертіп жіберді», — дейді сөмкенің иесі Төлемағанбетова.

Қазақстандық әйел ондағы мың доллар ақшаны балаларға қайырымдылыққа жұмсаса, Ричард Тавернге «Алтын адамның» мүсіншесін сыйлады.