Шекарадан жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

265
baq.kz

Жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін тапқан. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Сарыағаш шекара отрядының «Қазығұрт» шекаралық тексеру бөлімшесінде шекара наряды жекеменшік «Дамас» автокөлігімен біздің елден көрші мемлекетке қарай өтіп бара жатқан Өбекстан азаматын ұстады.

Шекарашылар оның көлігінен ешқандай рұқсат қағаздарынсыз шекарадан өткізбек болған 104 дана жоғарғы электр кернеуінің көрсеткіштерін тапқан.

Табылған жүктің жалпы сомасы – 840 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік шекарадан алып өтуге болатын жүктің белгіленген мөлшерден асырылуы себепті азамат ұсталды.
Тиісті органдар хабарланды. Тексеру жүргізілуде.