5 – қаңтарда орын алған оқыс жағдай 13 жастағы жасөспірімнің өмірі қыршынынан қиды.
Жасөспірім иісті газдан уланып қалған. Мамандар бұған газ құрылғысының дұрыс орнатылмауы себеп деп отыр.
Газ құрылғысы жуынатын бөлмеге қойылған. Негізінде аталған бөлмеге газ құрылғысын орнатуға қатаң тиым салынады.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша мереке күндері үш өрт оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.