Шымкентте мереке күндері 15 өрт оқиғасы тіркелген

384

Шымкентте мереке күндері 15 өрт оқиғасы тіркелген. Оның басым бөлігі айтарлықтай емес, кішігірім өрт дейді төтеншеліктер.

Қалалық ТЖД басшылығы бүгін журналистерге брифинг берді. Брифингте төтенше жағдайларды туындататын тұрғындардың қамсыздығы деп атап өтті олар.  

Төтеншеліктердің айтуынша, былтыр Шымқалада 152 – ден астам өрт оқиғасы тіркеліпті. 11 адам зардап шегіп, 4 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. «Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда төмен көрсеткіш деп тоқмейілсіді» төтеншеліктер.

Ал биыл жаңа жылдық демалыс күндері 15 өрт оқиғасы тіркелген. Басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде болған. Көбінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы дейді мамандар.

Жылыту маусымы, шомылу маусымы секілді науқанды кезеңдерде жұмыс күшейтіледі деген төтеншеліктер жыл он екі ай түсіндіру, алдын алу шараларының тоқтаусыз жүргізілетіндігін айтады. Тек қауіпсіздігіңіз үшін қамдану өзіңізге де байланысты екендігін естен шығармаңыз.

Жанар Есенбекова