Қала тазалығы үшін бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Айналаны қоқысқа толтырмау үшін жаңадан арнайы жәшіктер қойылмақ. Жасырары жоқ, халықтың қарасы қалың орындарда қоқыс жәшіктері тым аз екені де рас. Көше бойларындағы тек аялдамаларда ғана орнатылған.

Жаңа статусқа ие болған қаламызда бұл мәселе жақын арада шешімін таппақ. Қоқыс жәшіктерін жасауға және орнатуға арнайы қаржы да бөлініпті.

Ерубай Құралбаев, қалалық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы: «Қараша айының соңына дейін қаланың басты 17 көшесіне 800 қоқыс жәшігі орнатылатын болады. Ол үшін қазынадан — 8,6 млн. теңге бөлініп отыр. Оның бір данасы 11 мың теңге тұрады. Ауқымы және биіктігі жағынан бұрынғыларына қарағанда үлкенірек. Қар, жаңбыр жауғанда қалқан болатын қалпақшасы да бар. Ауқымды қала үшін бұл аздық етеді, әрине. Дегенмен алдағы уақытта жыл сайын жәшіктер саны арттырылып отырмақ».

Қоқыс жәшіктерінің тым аздығы туралы «Отырар» телеарнасы мәселе көтерген болатын. Түйіні тарқатылған мәселелердің басым бөлігінде отырарлықтардың аз да болса үлесі бар.