Тұран ауданы: Қоқыс жәшіктері жаңартылуда

59

Бүгін Тұран ауданы аумағындағы орталық көшелерде орналасқан қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмысы басталды.

Қала көркін ажарландыру мақсатында іске асырылып жатқан бұл жұмыстар – Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінен басталды.
Сонымен қатар, Асқаров көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Мангельдин көшесі, Республика даңғылы, Т.Рысқұлов даңғылы, Темірлан тас жолы бойына барлығы 300 жаңа қоқыс жәшіктері орнатылатын болады.
Қазіргі уақытта жұмыстар рет-ретімен атқарылып жатыр.