Бүгін Түркістан облысынан 41 мұғалім тағылымдамадан өту үшін Түркияға аттанады.
Былтырдан бері жалғасын тапқан игі дәстүр ауыл мұғалімдерінің біліктілігін көтеруге бағытталған ілкімді жобалардың бірі. Демалып, тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өтетін мұғалімдер мұндай мүмкіндік ұсынып отырған облыс басшылығына дән риза.
Білім көкжиегін кеңейтіп, түрлі тәжірибелік сабақтар өтетін мұғалімдер түрік елінен оралған соң өзге әріптестеріне арнайы семинарлар мен тренингтер өткізіп, тәжірибелерімен бөлісетін болады.