Өзбекстанда спирттік ішімдіктер бағасы көтеріледі. Алькогольдің бөлшектік және көтерме саудасының жаңа бағалары елдің Қаржы министрлігінің қаулысында көрсетілген.
Мысалы, шараптың құны 23 пайызға, ал коньяктың бағасы 32 процентке өсірілмек. Билік мұндай қадам арқылы тұрғындардың ішімдік және темекі тұтынуын шектеуді көздеп отыр.
Айта кетейік, жалпы Өзбекстанда спирттік ішімдіктер бағасы көтеріліп тұрады. Өткен жылдың бас кезінде олардың бағасы 20 пайызға өсіріліп, темекі өнімдері де қымбаттаған болатын.