Қазығұртта үшем дүниеге келді

340

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 29 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемнің анасы атанды. Үшеуі де ұл бала екен. Аян, Саян, Аман есімді үшем 23 қаңтар күні Түркістан облыстық №1 перинатальды орталықта дәрігерлердің көмегімен кесар тілігі арқылы туылған.

Дүние есігін ашқан сәтте салмақтары 1700-2100 грамм болса, бойлары 40-48 см болған. Қазір денсаулықтары жақсы дейді дәрігерлер. Бүгін перзентханадан шығып, шаңырақтарын шатыққа бөлемек.

Анасы Әбдалиева Жадыра Заманқызы үй шаруасында болса, әкесі коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейді. Үшем жұбайлардың тұңғыштары көрінеді.

Жанар Есенбекова