Сафия, Садия, Самия. Түркістан облысында бір отбасының қуанышы еселенді. Дүниеге бірден үш сәби келді. Үшемнің өмірге келуі тек ата-анасы үшін ғана емес, тұтас әулет үшін үлкен қуанышқа айналды. Ақ халаттылардың бақылауымен аман-есен өмірге келген нәрестелердің жағдайы жақсы. Олардың қуанышымен бөлісіп қайтқан тілші бейнематериалында.
Тұрсынай Орынбаева — 38 жаста. Сайрам ауданының тұрғыны. Ол 32 аптасында №2 облыстық перинатальдық орталықта үшем қыздарды кесарь тілігімен босанды. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилердің жағдайы жақсы. Ал анасының қуанышында шек жоқ.
ТҰРСЫНАЙ ОРЫНБАЕВА, ҮШЕМНІҢ АНАСЫ: «Басында білген кезде 14 апталығында білдік. Генетикада. Дәріханда білдік. Қорқу, қуаныш бәрі аралас келді. Туған кезде де сондай сезім болды. Бізге Алланың берген аманаттары шығар. Дәрігерлердердің арқасында салмақ қостық. Қазір жағдайлары жақсы. Үшеуі де 2 келіден асты».
Үшем сәбидің өмірге келуі, тек бір отбасының емес, күллі әулеттің қуанышы. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен балалардың жағдайы тұрақты. 20 күннен астам уақыт ақ халаттылардың бақылауында болған. Сонымен қатар, аздап салмақ қосып, ет алды деп отыр.
ДӘРІГЕР НЕОНАТОЛОГ: «Медициналық көрсеткіштің болуына байланысты, жедел түрде кесарь тілігімен ота жолымен үшемді дүниеге алып келді. Біріншісі 1770 гр, екнішісі 1850 гр, үшіншісі 1990 гр болып туылды. Қазіргі таңда 22 тәулігі, 2015 гр, 2030 гр, 2008 грам салмақпен шығарып жатырмыз үйлеріне. Нәрестелер интенсивті емін алып, арнайы күтім бөлімшемсінде емін жалғастырып, қанағаттанарлық жағдайда шығарып жатырмыз».
Қуанышқа толы ерекше сәтте сәбилерді бауырлары мен әкесі және ата- әжелері қарсы алды. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған ата-ана бұл күнді тағдырдың ең үлкен сыйына балап отыр.
МАМУРЖАН ОРЫНБАЕВ, ҮШЕМНІҢ ӘКЕСІ: «Мен не дерімді білмей тұрмын. Барлығына рахмет. Дархан бперзентханасына рахмет. Әйеліме рахмет. Үшем әкеліп жатыр өмірге. Үшеу деп айтқанда сенбедім. Кейін өзімді-өзім таң қалдым. Алланың бергеніне рахмет».
Орынбаевтар отбасында бұған дейін де үш бала тәрбиеленіп жатқан. Екі қыз бен бір ұлға енді үш бірдей бауыр қосылып, шаңырақтағы бала саны алтауға жетті. Көпбалалы отбасы бүгінде қуаныш пен шаттыққа бөленіп отыр.
Айта кетейік, №2 облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері 1810 нәресте дүниеге келсе, оның ішінде 35 егіз, бі үшемдер бар.
Нұргүл Жолымбетова






