Ұлын ұрып өлтірген өгей әке 8 жылға бас бостандығынан айырылды

265

Шымкентте сот өгей ұлын өлтірген әкені 8 жылға бас бостандығынан айырды. Өткен жылдың 5 — желтоқсанында сағат 20:00-де «Қарабастау» ауылындағы Достар көшесінің тұрғыны Е.Ж. 5 жасар өгей ұлының намазды дұрыс оқымағанын байқайды.

Сол үшін өгей әке баланы жазалау керек деп шешеді. Ұрып соғып, баланы ауыр жарақаттайды. Сол күні бала облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер баланы ажалдан арашалап алып қала алмады. 5 жасар бала ауруханада көптеген ауыр жарақаттардың салдарынан қайтыс болды.

«Еңбекші аудандық сотының 2019 жылғы 19 ақпандағы шешімі бойынша сотталушы Е.Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Сот сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Шешім әлі күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Жанар Есенбекова