Әлем чемпиондары жас боксшылардың аяқ алысына баға берді

272

Бокстан қаламызда басталған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 17 және 18 жастағы жеткіншектердің жарысы апта бұрын жалауын көтерген еді. Бәсекеге еліміздің 20 -ға жуық командасы бас қосты. Оның ішінде Шымкенттік былғары қолғап шеберлері бар.

Жастар командасын жасақтау біріншілігін аты аңызға айналған чемпиондары тамашалады. Олимпиада, әлем жеңімпаздарының айтуынша кейінгі келе жатқан жастардың аяқ алысы жаман емес.

Сонымен бір аптаға жалғасқан жарыс нәтижесінде шымкенттіктер командалық есепте жеңіске жетті. 10 салмақ дәрежесінде өткен жарыста қала қоржынына 2 алтын және 1 күміс түсті.

Назерке Үкібасова