Фильмнің басты кейіпкері — қырғызстандық Айка есімді қыз. Мәскеуде заңсыз жұмыс істеп, қарызға белшесінен батқан ол тіпті некесіз туған баласын да перзентханаға тастап кетеді. Алайда бұл ісі басты кейіпкерге тыныштық бермейді. Осылайша оның көп ұзамай аналық сезімі оянып, баласын іздеуге бел буады.

Фильм 19 ақпанда, сағат 15:00-де Қ. А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Мәдениет орталығында» өтеді.

Фильмнің көрсетіліміне басты кейіпкер — Самал Еслямова мен фильм режиссері — Сергей Дворцевой қатысады.