Шымкенттегі Астана даңғылының бойына 240 қырым қарағайы және талшын ағаштары отырғызылып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл көшеттер Алматы қаласынан жеткізілген.

 

 

Борап тұрған қар агрономдардың жұмысына кедергі келтірмеді. Жоспарлаған жұмыстарын аяқтады. Әрі көктем ерте келетінін ескертіп, қарағайды жерсіндіруге ең ыңғайлы күн райы дегенді қосты. Ояна қоймаған дарақтар күн жылына өніп кетеді дейді.

Бұдан бөлек, Бәидібек би көшесінің бойына «Самшит» бұталары отырғызылып жатыр. Өте жәй өсетін бұл бұталар есейгенде түрлі форма жасауға ыңғайлы. 150 дана көкбұта Алматының таулы аймақтарынан жеткізілген.

Нұрлан Күдерұлы