Қаратау ауданы әкімі аппараты және «Ізгілікте жарысайық!» Қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Қаратау ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуші мекеме қызметкерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өткізілді.
Акция барысында қызметкерлерге түскі ас әзірленді. Сондай-ақ, қайырымдылық қорының әлеуметтік дүкенінен қажетті киім-кешектер табысталды.
Аталған қайырымдылық іс-шара мақсаты — қала тазалығымен айналысатын қызметкерлердің атқарып жүрген қызметіне алғыс білдіру және сый-құрмет көрсету!