Облыс прокуроры түзеу мекемесіндегілермен кездесті

285

Бүгін ауылдарда тұратын халықпен жүзбе-жүз жүздесіп, кездесу өткізу аясында Түркістан облысының прокуроры Төлеби ауданына барды.

Елді мекендерді газбен және таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерімен ауданның 9 тұрғыны жеке қабылдауға келді. Одан әрі облыс прокуроры ИЧ-167/9 түзеу мекемесіне барып, оның жеке құрамымен әңгіме өткізді. Сонымен қатар, оның негізгі нысандарының өмір сүруге қолайлылығын қарап шықты.

Мекемені аралау барысында жәбірленушілерге залалды өтеу деңгейін жоғарылату және қылмыстық істер бойынша қарызы бар сотталушыларды жұмыспен қамту мәселелері мекеме әкімшілігінің алдына қойылды.

Сонымен, өздерін толғандырған шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мен өтеу жазасының жеңілдеу түріне ауыстыру мәселелерін көтерген сотталушылармен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтарға жазадан босаудың негіздемесі мен тәртібі жайлы түсініктемелер берілді.

Жанар Есенбекова