Кеше сағат 20.00 шамасында Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Ынтымақ» шекара заставасында өткізу пунктінен тыс жерде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына қарай заңсыз өтпек болған 19 жастағы өзбекстандық ұсталды. Бұл жағдай бойынша ҚР ҚК 1 бөлімі 392 бабы бойынша тергеу амалдары басталды.
2019 жылдың 6 ақпанда таңғы сағат 5.30 шамасында Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар PS-538 «Алматы-Киев» рейсінің жолаушысы 1999 жылы туылған пәкістандық азаматты ұстады.
Жолаушыны ұстауға оның қызметтік төлқұжатындағы қолдан жасалған белгілер себеп болған (анықтау деректері бар бланкі ауыстырылды). ҚР ҚК 1 бөлімі 385 бабы бойынша тергеу амалдары басталды.
ҚР ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі