Шымкент қаласындағы үш басқарманың атауы өзгерді

88

Шаһар республикалық мәртебе алғаннан кейін, 22 басқарма құрылған болатын. Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясына жиналған депутаттар өзгерісті қарап шығып, бірнешеуінің атауын өзгертті.

Нәтижесінде қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Шымкент қаласының туризм басқармасы болып қайта құрылды. Сондай-ақ, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы енді мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы болып аталады. Шымкент қаласының ақпараттандыру, мемлекетік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы да атауын өзгертті.

Бұл өзгерісті қапалық мәслихаттың депутаттары бірауыздан қолдады. Жиында сөз алған қала әкімі бұл өзгеріс басқару схемасын жүйелеу үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

Нұрлан Күдерұлы