Шымкенттің бас полицейі есеп береді

285

14 ақпанда сағат 12:00-ден  Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Мұсаәліұлы Жумаханбетовтың тұрғындарға есеп беру кездесуі өтеді. Өтетін орны Шымкент қаласы Қазыбек би көшесінде орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның ғимараты.

«Есептік кездесуге дайындық аясында қала тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылады. Полиция департаменті қызметінің (қылмыстың алдын-алу, мемлекеттік құқық және тәртіпті қорғау, қылмысқа қарсы күрес, жол қозғалысы қауіпсіздігі және т.б.) мәселелері бойынша сұрақтар мен ұсыныстарыңызды vopros_police@mail.ru электрондық пошта, сондай-ақ, 97-66-37, 97-65-27 телефондары арқылы 4 ақпаннан 13 ақпанға дейін (13:00-ге дейін) қабылданады»‘- деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.