Түркістан облысында үй тонап екі жыл қашып жүрген қазығұрттық Ресейде құрықталды

216

 

Қазығұрт АПБ Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары аясында тонау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен екі жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады.

Осылайша, 2016 жылдың жазында полиция бөліміне Қазығұрт ауданының тұрғынының үйіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Күдіктілер жәбірленушінің үйіне кіріп, 4 миллионнан астам теңгенің бағалы әшекей бұйымдарын жымқырған. Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 191 «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркеуге алынды.

Сол жылы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қашып жүрген екі күдіктіні ұстап, соттың үкімімен шартты түрде 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екі жыл бойы іздеуде жүрген үшінші күдікті Ресей Федерациясында жасырынып жүрген.

2018 жылы Қазығұрт АПБ-нің жедел уәкілдері ресейлік әріптестерімен бірлескен іздестіру іс шараларының нәтижесінде күдіктіні Ресей Федерациясының Курган облысынан ұстады. Өткен жылдың күзінде күдікті Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Қазіргі таңда соттың шешімімен айыпталушы шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Түркістан облысы полицейлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2018 жыл бойынша 170-тен астам қылмыскерлер, оның ішінде 20-сы тонау бойынша іздестіріліп табылған»- деп хабарлайды ТО ПД-нің Баспасөз қызметі.