Бүгінде әлеуметтік желіде тарап, қоғамда қызу талқыға түскен «8-наурыз мерекесіне орай көп балалары бар аналарға материалдық көмек берілетіні» туралы ақпаратты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары толықтай теріске шығарып отыр.
Сондықтан, жеке мүдделері үшін жалған ақпарат тарататын алаяқтардың жетегінде кетпей, мәліметтің анық-қанығына көз жеткізу керектігін ескертеді. Мемлекеттік органдар тарататын ресми ақпараттар міндетті түрде ресми сайттарда жарияланады немесе БАҚ өкілдері арқылы арнайы хабарланады. Осы ретте, жалған ақпарат таратушылар ҚР Қылмыстық Кодекстің 274 бабымен жазаға тартылатынын назарларыңызға жеткіземіз!