«Тұрғындардың шағымы орындалды» деген 1753 жалған ақпарат тіркелген

144

2021 жылы «Айкөмек» орталығына жүгінген тұрғындардың арыз-шағымы орындалды» деп, жалған ақпарат берген 1753 факт анықталған. Бұл туралы ситуациялық 109 ортылығының басшысы мәлімдеді.

Сөзінше, арыз тиісті басқармаға жіберілген соң, «екінші тарап мәселе шешімін тапты» деп жауап қатқан. Алайда, басқарма жауабының дұрыстығына көз жеткізу мақсатында құрылған мониторингтік топ 2000-ға жуық орындалмаған арыз-шағымды анықтаған. Ал өткен жылы ең көп арыз-шағым жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына түскен. Саны – 54553.

Ал одан кейінгі тұрғындарды мазалаған жарық, су мәселелері мен атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сауалдар. Сондай-ақ, орталық басшысы Азат Әміртаев арыз-шағымдарды қарап, орындау бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бірінші орында тұрғанын айтады.

Ал одан кейінгі орындарға ауылшаруашылық, тұрғын үй, білім басқармалары орналасқан. Аудан әкімдіктері арасында арыз-шағымдардың орындалуы бойынша Абай және Қаратау ауданы әкімдіктері көш бастап тұр.