Ұлыстың ұлы күні ұлттық спорт ұлықталды

603

Шымкенттегі атшабарда биыл да халық қарасы аз болмады. 500-ге жуық ел наурыз думанында спорттың 5 түрінен жарыстарды тамашалады. Атап айтсақ, көкпар, қыз қуу, қошқар көтеру, аламан және топ бәйгелер ел назарына ұсынылды.

Жарыс нәтижесінде қызылордалық қонақтар темір тұлпарды тізгіндесе, топ бәйгеде алматылықтар жеңіске жетті. Ал, ебін танытқан жас шабандоздарға жүлделерді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов табыстады.

Ел ықыласына қыз қуу жарысы бөленді. Бәсекеде конкурдан еліміздің намысын қорғап жүрген қыз- жігіттер өнер көрсеткен болатын. Жиналғандардың басым бөлігі осы көріністі күткендерін айтады.

Қазақтың қошқар көтеруі де азаматтардың қошеметіне бөленбей қалмады. Бірақ биылғы төрт түлік жылдағыдай жеңіл емес, 120 келіні құрады. Оны игеру де сайланып шыққандарға оңай тимеді.

Назерке Үкібасова