Шымкентке жұмыс сапары барысында Асқар Мамин үшінші мегаполистің өнеркәсіптік аймағын аралап көрді. Өндіріс орындарын таныстыру кезінде Премьер-министр жергілікті фабрикадан аяқ киім сатып алды.
Асқар Мамин қара түсті туфлиді таңдады. Аяқ киім фабрикасының қызметкері Премьер-министрге туфли құны 12 мың теңгеге түскенін айтты.