Аудандық соттарда «Алғыс айту» күніне орай қайырымдылық акциялары өткізілді

361

Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің 1 наурыз — «Алғыс айту» күнін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өңіріміздегі аудандық және оған теңестірілген соттарда қайырымдылық акциялары өткізілді.

Бәйдібек аудандық сотының ұжымы аудан орталығында тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасына азық-түлік және қаржылай көмек көрсетті.
Отырар аудандық сотының ұжымы Шәуілдір ауылдық округінің бірқатар көп балалы отбасыларына азық-түлік таратып, мерекелерімен құттықтады.

Қазығұрт аудандық сотының қызметкерлері мереке қарсаңында 4 балалы мүгедек ана мен  мүгедек бала асырап отырған тұрмыстық жағдайы нашар 8 баланың анасына көмек көрсетті.

Осындай іс-шара Арыс аудандық сотында да ұйымдастырылды. Бұл күні сот ұжымы тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы отбасыға азық-түлік апарып, мерекемен құттықтап қайтты.