Қазақстанда белсіздікке шалдыққан ерлердің саны төмендеген. Ер кісілер арасында импотенцияға шалдығу көрсеткіші 57 пайыздан бірден 17 пайызға төмендеді дейді еліміздің бас урологы Мырзакерім Алшынбаев.
Білікті маман бүгін Түркістан облыстық клиникалық аурухана базасында шеберлік сабағын өткізіп, жетекші дәрігерлермен тәжірбие алмасты. Бас уролог елімізде ерлер денсаулығын жақсарту жылдан жылға жақсарып келе жатқандығын алға тартты.
Қазір Қазақстандағы барлық облыста ерлер денсаулық мектебі жұмыс істейді. Мұндай орталық елімізде бірінші болып 2012 жылы облыстық клиникалық аурухана базасында ашылған болатын. Жеті жылдан бері мұндағы мамандар 18 мың ер азаматтарды медициналық тексеруден өткізді.
Мырзакерім Алшынбаев, еліміздің бас урологы: «15 жылдан бері ерлер денсаулығына көңіл бөліп келеміз. Жылдан жылға сапалы көмек жақсарып келеді. Мәселен эректильl3 дисфункция 56 пайыздан 17 пайызға түскен. Бұл жақсы көрсеткіш».
Лаура Нақыпқызы