Дүкен тонаған күдікті құрықталды

163

Түркістан қаласының полиция бөліміне белгісіз біреулердің дүкен есігін бұзып кіріп, азық-түліктер мен жарты милиионнан астам ақшаны қолды еткендігі туралы жергілікті тұрғын арызданды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «ұрлық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынды.

Қылмысты ашу үшін қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары күдіктілердің түр — тұлғасын анықтау үшін аулаларды аралап, тұрғындардан сұрақ жауап алып қажетті шаралардың барлығын іске асырды. Ақыры төгілген тер текке кетпеді.

Жоғары деңгейде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 10-ға жуық жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі миллионнан астам теңгені құрап отыр. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі