Жуырда Әділет департаментінің мамандары мен экономикалық тергеу қызметінің өкілдері бірлесіп, «Орбит» сағызының жалған түрінің сатылуының жолын кесті. Сала мамандарының айтуына қарағанда бұл тауарлар қаладағы сауда орындарында ашықтан-ашық сатылып келген.
Бірлескен топ айғақты зат ретінде белгілі сауда бренді пайдаланылған тауарлардың 18 мың данасын жойған. Контрафактілік өнімдер бойынша сұқбат берген Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Салтанат Нұрымбетова бұл істің қылмыстық құрамы анықталмағандықтан сотқа жолданбай, қысқартылды деп отыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері аталған органға сауда белгілерін заңсыз пайдалануға қатысты 5 арыз түскен.
Мақпал Рысбаева