Пойызға билетсіз мінген 4 жолаушы үшін жауапкершілікке тартылмақ

323

«Адал жол» жобасы аясында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық көліктік бақылау инспекциясы мамандары және Арнайы мониторинг топ мүшелері пойыздарда жолаушыларды тасымалдау қағидалары бірнеше рет бұзылғандығын анықтады.

А.ж. 18-19 наурызында жүргізілген рейдтік шара барысында
«Алматы — Саратов», «Түркістан -Алматы», «Сарыағаш – Астана», «Новосибирск – Ташкент» төрт жолаушылар пойызы тексерілді.
«Новосибирск – Ташкент» қатынасындағы пойызда жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын тексеру кезінде Түлкібас-Арыс учаскесінде 4 билетсіз жолаушы анықталды.

Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 623-бабының 4-бөлігі бойынша поезд жолсерігіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ
ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігі бойынша Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның заңды тұлғасы «Южный» аймақтық филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар, «Түркістан — Алматы» бағытындағы №072 поезды тексеру барысында поезд құрамында мүгедектер арбасымен қозғалатын тұлғаларды отырғызатын және түсіретін көтергіш құрылғысы бар вагонның болмау фактісі анықталды.

Бұдан басқа, төсек-орын тыстарының қолдану мерзімдерінің өтіп кеткендігі анықталды. Аталған бұзушылықтар үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ заңды тұлғасы «Южный» аймақтық филиалы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Айта кету керек, «Шымкент – адалдық алаңы» жобасының миссиясы-мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ халық үшін қолайлы жағдай жасау.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті