Тағы үш бағытта жүретін пойызда әйелдер вагоны жасақталды

27
» Қазақстан темір жолы» республикада  әйелдер вагоны тағы үш бағытта жүретін пойыздар болатынын хабарлайды.
Бүгінде әйелдер вагондарына сұраныс артып келеді. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» компаниясы ондай қызметті тағы үш бағытта енгізді.

3/4 «Астана – Алматы»;

33/34 «Алматы – Ақтөбе»;

71/72 «Астана – Шымкент».

Айта кетері, әйелдер вагоны алғаш рет 2021 жылы No77/78 «Алматы – Маңғыстау» және No351/352 «Алматы – Өскемен» пойыздарында енгізілген болатын. Ал 2022 жылдың ақпан айынан бастап «Маңғыстау – Семей», 47/48 «Астана – Атырау» және 45/46 «Павлодар – Түркістан» пойыздарында әйелдер вагондары жасақталды.