Шардарада бұршақ жауды

462
YouTube

Күнгейде көктемнің алғашқы айының соңы жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауумен аяқталмақ. 28 наурызда Шардарада бұршақ жауса, ал кешке Шымкентте төпеп берді. Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаға түсіріп үлгерген.

Ауа – райын болжаушылардың айтуынша бүгін оңтүстіктің кейбір жерлерінде күшті жел болуы мүмкін. Негізінен тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде – найзағай болуы мүмкін.

Түркістан облысында таңертең және түстен кейін кейбір жерлерде найзағай ойнап, жел күші 15-20 м / с, құбылмалы болады. Жаңбыр жаууы ықтимал.