Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 25-30 наурыз аралығында «Жасөспірім» іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның 3 күндік нәтижесінде полиция қызметкерлерімен Ішкі істер органдарына 150 жасөспірім жеткізілді. Ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 25 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 107 жасөспірім және түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болған 5 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды.
Сондай-ақ, аталған жасөпірімдерге түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуға жол берген 4 жеке кәсіпкерлер анықталып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.
Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылықтың 3 жайты анықталып, жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды. Кәмелетке толмағанға алкоголь өнімін сатқан 2 және темекі өнімін сатқан 1 жеке кәсіпкерлер анықталып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.

Құқықбұзушылыққа бейім 14 жасөспірім және 20 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды. Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясында қарау мақсатында 5 материал жолданды. Оның ішінде, ата-аналық құқықтарынан айыру мақсатында 2, Кентау қаласындағы арнайы мектеп-интернатқа жолдау мақсатында 3 материал жолданды.