16 наурыз-15 сәуір «Ұлы дала хикаялары» қазақстандық суретшілердің заманауи өнер туындыларының жылжымалы көрмесі
Өтетін орны: Абай саябағы, бейнелеу өнері музейі
Өтетін уақыты: Көрменің ашылу рәсімі 16 наурыз сағат 16:00 (Көрме 15 сәуірге дейін тұрады)
Мақсаты: Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қоғамның, ғылыми орта мен шығармашылық интеллигенцияның тарапынан кеңінен қолдау тауып, кеңістік пен уақыттағы өз орындарын қайта қарастыруға тамаша себеп болды.
«Ұлы дала хикаялары» көрмесі – бұл әр түрлі бағыттарда: аралас техника, бейнеарт, инсталляциялар, перформанстар және т.с.с. жұмыс істейтін қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Ежелгі көшпенді өркениет образдарын жаңғырту, көрмеге келушілерге нағыз тарих рухын ұғынып, заманауи ұсыну арқылы өткеннің күйіне шомуға және мемлекет басшысының жоғарыда аталған мақалада ашқан жеті постулаттарының призмасы арқылы Ұлы даланың дүниежүзілік тарихтағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл көрме Шымкент үшін елеулі оқиға болып табылады және қаланың мәдени өмірі үшін үлкен маңызға ие. «Ұлы дала хикаялары» Қазақстанның заманауи өнер көрмесі кейіннен басқа қазақстандық қалалардың тұрғындары үшін де өз есігін ашатындығы ерекше қуантады.
17 наурыз «Шаттық күніне» орай Наурыз мерекесіне арналған іс-шара
Өтетін орны: Арбат алаңы Өтетін уақыты: сағат 13:00-17:00
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін атап өту мақсатында, Шымкент қаласындағы Арбат алаңында жалпы халықтық мерекелеу өтеді. Ұлттық салт-дәстүріміз көрініс табатын мерекелік шарада қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық тағамдары әзірленеді.
18 наурыз «Наурыз керуен» іс-шарасы Өтетін орны: Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы (Наурыз алаңы)
Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты (Желтоқсан көшесі). Өтетін уақыты: 09:00-14:00
Мақсаты: Шымкент қаласының тұрғындары орталық көшелерде керуенмен жүріп, Ұлыстың Ұлы күніне арнап мерекелік құттықтаулары. Этно-мәдени орталықтардың Ел бірлігі бағытындағы «Ұлыс оң болсын» атты түрлі этнос өкілдерінің арасындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты дәріптеу мақсатындағы іс-шара.
Сағат 09:00-де Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығынан (Наурыз алаңы) бастау алып, Дендросаябақта қазақтың «Ақ бүрку» іс-шарасын ұйымдастырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында (Желтоқсан көшесі) іс-шара жалғасын табатын болады.
21 наурыз «Қошқар Ата сейілі» көктем фестивалі Өтетін орны: Қошқар ата өзені бойы, бұлақ басы Өтетін уақыты: 11:00-14:00
Мақсаты: Көктемнің оңтүстіктен бас¬талуын қала тұрғындары ежелден « Қошқар Ата» сейілі» көктем мерекесін атап, ұлттық дәстүрлі ойындар және сауық-сайрандар өткізілген. Сондай-ақ, Қошқар-Ата өзеніне көркеюді және мал отардың аман-саулығын тілей отырып, қошқарды құрбандыққа шалған. Іс-шараның мақсаты қазақ халқының ежелгі үрдісін жандандыру, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау, Шымкент қаласына басқа өңірлер мен шетел туристерін тартуға септігін тигізу.
Аталған іс-шараны Наурыз мерекесі қарсаңында 2016 жылдан бастап қайта жаңғырту басталды. Қошқар-Ата өзенінің бастауында пайда болған бұл мереке Шымкент қаласына ғана тән. Биыл да 21 наурыз күні Қошқар Ата өзені бойында мерекелік бағдарламалар, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар, салт-дәстүрге арналған көрмелер өтеді.
21 наурыз «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі (Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай)
Өтетін орны: Орыс драма театры Өтетін уақыты: 21 наурыз сағат 15:00-17:00
Мақсаты: «Нұр Отан» партиясы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген идеялар мен құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалін ұйымдастыруда. Фестиваль партияның 20 жылдығы аясында өтеді. Қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнері (жыр, терме, ән, күй) насихатталады. Фестивальге танымал өнер майталмандары жыр-терме жанры бойынша Алмас Алматов, Жәкен Омаров, дәстүрлі ән өнері бойынша Ерлан Рысқалы, Гүлмира Сарина, күйші Батыржан Мықтыбаев, жергілікті өнер майталмандары қатысады.
22 наурыз Наурыз алаңы, Ипподром Өтетін орны: Наурыз алаңы, орталық ипподром
Өтетін уақыты: сағат 10:00-21:30
Мақсаты: Наурыз алаңында Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз мерекесіне» орай мәдени көпшілік шаралар өткізіледі. Театрландырылған көрініс қойылып, мерекелік концерттік бағдарлама отшашуға ұласады. Ипподромда ұлттық ат спорты ойын түрлерінен жарыстар өтеді. Қала саябақтарында көпшілік серуендер, мерекелік концерттік бағдарламалар, көрмелер ұйымдастырылады.
23-24 наурыз «Ashyq Aspan» аэронавтика фестивалі Өтетін орны: Ипподром алаңы Өтетін уақыты: сағат 11:00-21:30
Мақсаты: «Ashyq Aspan» аэронавтика фестивалі Шымкент қаласында 2018 жылы басталып, жалғасын табуда. Іс-шара барысында Ұшпалы шарлар аспанға ұшырылып, Наурыз мерекесіне арналған бағдарламалар өтеді. Іс-шара екі күн, яғни 23-24 наурыз күндері өтеді. Бұл қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй мен қуаныш сыйлайды.