2019 жылғы 6 наурыз күні сағат 16-00 ден бастап Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е. Жұмаханбетовтің азаматтарды қабылдауы өтеді.
Азаматтарды қабылдау барысында «Фейсбук» парақшасында онлайн көрсетілім болады. Сағат 16-00 ден 16-50 аралығында тікелей эфир барысында көкейіңізде жүрген сұрақтарды қойып, жауаптарыңызды ала аласыздар.
Сұрақтарын қойып үлгермеген азаматтар үшін алдағы уақытта онлайн көрсетілім тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Өту уақыты «Фейсбук» парақшасында хабарланады.