Шымкентте жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Әл Фараби ауданы бойынша мердігер мекемеге 50 млн. теңге бөлініп, жолдағы шұңқырларды жамап жүр.
Сала мамандарының айтуынша олар жыл соңына дейін аудан бойынша жолдағы кез — келген жөндеу жұмыстарын атқарады және үш жыл бойы кепілдік береді. Бүгін Алматы айналма жолынан бастап Бәйдібек би көшесіне дейінгі аралықта жұмыс атқарып жатыр.
Өзге үш аудан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Жеңімпаз анықталса, қызу жұмыс басталмақ. Биылғы қыс қарлы болмағанымен жолдарда пайда болған жарық көп жейді жүргізушілер.
Болат Серік: мердігер: «Біз бірінші ақауды анықтап, оны қажетті құрылғымен кесеміз. Шұңқырды тазалап, битум құямыз. Тек сосын ғана ыстық асфальт төселеді».
Нұрлан Күдерұлы