Биыл Самал-3 шағынауданындағы 14 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі

42

Биыл Шымкенттегі Самал-3 шағынауданында орналасқан 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Самал-3 шағынауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Жалпы биыл Самал-3 шағынауданында 25,2 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда» делінген мәліметте.

Айта кетейік, шағынауданда 2025 жылы Төлепбергенов, Алтынбастау, Ештай ата, Арайтаң, Әлменов, Ақтасты, Тәуекел хан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.