Алаш арыстарын еске алу кеші өтті

407

Қасиеті де, қадірі де тағдырлас үш бәйтерек. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінде Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті.

Ашаршылық және тоталитарлық саясат жылдарында жазықсыз жапа шеккен тұлғалардың рухына тағзым ету кездесудің басты мақсаты. Есімдері тәуелсіздікпен тікелей байланысты Алаш арыстары турасында арнайы дайындалған фильм көрермен назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, музейде арнайы экскурсия ұйымдастырылып жиналғандардың санасын бір серпілтті. Қынжылтатыны, жас ұрпақ Алаш зиялыларын өз деңгейінде тани бермейтіндігі дейді ұйымдастырушылар.

Гүлмира Серікбаева, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі директорының орынбасары: «Қазіргі жастармыздың Алаш қайраткерлерін танымайтыны рас! Бәрі бірдей таниды деп айта алмаймыз. Алаш қайраткерлеріне арналған, ашаршылыққа айналған, зобалаң жылдарды танытатын деректерді көріп жылап шыққандары болады. Біз осы кезге дейін тарихымызды білмегенбіз деп».

Ғалымжан Кенжебек