Бүгін Шымкентте 1500 тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырды. Мемлекет қолдауына мұқтаж жандарға қызмет көрсетуге 80-ге жуық маман жұмылды. Салаға жауапты мамандар келушілерге таң сәріден қара кешке қызмет көрсетті.
Қалада сегіз жерде құжат қабылдау орыны ұйымдастырылған. Айта кетейік, былтыр атаулы әлеуметтік көмекті қалада он мыңға жуық отбасы алған. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге артады дейді мамандар. Айта кетейік, бұл жұмыстар сәуір айының аяғына дейін жалғасады.
Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарды қала тұрғындары өзі тұратын ауданға қарасты ХҚО, аудан әкімдіктеріне тапсыра алады.
Мақпал Рысбаева