538,9 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

24
фото Спутник

Ағымдағы жылдың  1 тамыздағы жағдай бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек АӘК тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65 млрд. теңге бөлінді, – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Биыл 1 қаңтардан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.