Биылғы пітір садақа көлемі қанша болмақ?

278

Иісі мұсылман қауым асыға күтетін қасиетті Рамазан айына да санаулы күндер қалды. Биылғы мұсылман қауымының ауыз бекітетін уақыты 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

Ауыз бекіту уақыты таңғы 4:41-деп белгіленіп отыр. Ал ауыз ашу уақыты 6 мамыр кешкі сағат 20:29-да болады. Рамазан айының тиісті талаптарын құнттап, ораза ұстаған жамағат жан садағасын да ұмытпауы қажет.

Биылғы пітір садақаның мөлшері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсыны бойынша жан басына 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Мейірбек Сәрсенбаев, қалалық орталық мешітінің наиб-имамы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөлімінің ұсынысымен үстіміздегі жылдың мамыр айының 6 -шы жұлдызы алғаш ораза ұсталатын күнге тура келіп тұр. Мамыр айының 5-і еліміздегі бүкіл мешіттерде тарауих намазы алғашқы күнгі намазы оқылады. Биыл рамазан айы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары бірігіп, 30 күн ораза деп баршасы ғалымдардың ұсынысы бойынша мақұлдады».

Гүлжан Жұмаш