Шымкентке іссапармен Білім және ғылым министрлігінің өкілі келді. Shymkent жоғары педагогикалық колледжіне 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған конференцияға келген маман студенттердің жұмысын бағалап, тіпті екі ғылыми жұмысты патенттеуге жіберу туралы шешім қабылдады.
Бүгінгі конференцияға еліміздің 9 қаласынан және Ташкенттен ізденімпаз студенттер келіп отыр. 200-ге тарта қатысушы бүгін өз ойларын ортаға салып, ішінен үздігі таңдалады.
Гульнара Ибрагимова, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің директоры: «Конференцияға келген 93 мақала бүкіл республикадан келген. Ташкенттен келген мақалалар да бар. Сондықтан халықаралық деңгейде өтіп отыр десек те болады. Түс қайта бес секцияда жұмыс істейміз».
ҚР Білім және ғылым министрлігі бас сарапшы қызметін атқаратын маман Гульвира Ошақбаева конференция қатысушыларына ізденістерін тоқтатпау қажеттігін айта келе, осындай ізденістердің нәтижесінде грант ұтып алып, білікті маман атанып шығатындықтарын айтты.
Гульвира Ошақбаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшы: «Соның бірі, баршаға арналған техникалық-кәсіптік білім беру жобасы іске асырылды. Осы жоба арқылы әрбір студент біліктілігін арттыру үшін тегін білім ала алады».
Республикалық конференцияның қорытындысы бойынша Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің студенті Талғат Наурызбайдың екі бірдей жұмысы қолдау тауып, өз атына патенттеуге жіберілді.
Меруерт Ахан