Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде Наурыз мерекесі тойланды

194

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын толағай жетістіктермен қарсы алды. Мемлекеттік аттестация, институционалды аккредиттеуден өткен білім ордасы бүгінде халықаралық келісімшарттар түзіп, түлектерді мемлекеттік үлгідегі дипломмен қамтамасыз етіп отыр.

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы Әз Наурыз мейрамын жоғарғы деңгейде атап өтуде. Мұнда мерекелі дастархандағы ұлттық тағамдар, Наурыз көженің дәмін татуға ардагерлер, әлеуметтік әріптестер, жастар, жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері арнайы шақырылған. Ал керемет концерттік бағдарлама жиналған қауымның көңілін көтеріп, қолөнер көрмесіндегі бұйымдар көпшілікті тамсандырды.
Құрылтайшы: «Наурыз елімізге тыныштық алып келсін. Деніміз сау, барлығымыз аман болайық»

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде бүгінде 1400 студент жас білім алады. Ал биылғы оқу жылын 400 түлек тәмамдайды. Оқу ордасы биылғы Наурыз мейрамын толағай жетістіктермен қарсы алуда.
Гүлнара Ибрагимова, Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің директоры: «Біз мемлекеттік аттестациядан өттік және институционалды аккредиттеуден өтіп, өзіміздің керек сертификатын 5 жылға алып отырмыз. Ол да үлкен жетістік. Бұл біздің оқу ордасына мемлекеттік келісімшарттар түзіп, түлектеріміздің мемлекеттік үлгідегі диплом алуына мүмкіндік»

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына жиналған қауым бір-біріне жылы лебіздерін жеткізіп, білім ордасының биіктен көруіне тілектестік білдірді

Әбилә Көздібайқызы, «Өркениет» ақпараттық-әдістемелік орталығының директоры: «Колледж ұжымының табыстары көл-көсір болып, толағай табыстармен қуантсын, жылдан жылға әлемге әйгілі керемет оқу орындарының қатарында болып дами берсін».

№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР БжҒМ БСБК БСБД берілген

Shymkent жоғары педагогикалық колледжі
Мекенжайы: Шымкент қ. 8 март көшесі, 22
Тел: 8 7252 50 61 36, 8 701 400 13 63, 8 705 376 00 77
Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram: shym_kolledj