Педагогтар заманауи білім берудің басым бағыттарын талқылады

52

Shymkent жоғары педагогикалық колледжінде  «Өрлеу»  кәсіби даму институты және Шымкент қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығы, «Заманауи білім берудің басым бағыттары: ізденістер, нәтижелер» атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясын  өткізді. Іс шараға келушілер колледж кітапханасындағы оқу залының ашылуына  қатысып, ұжымның  оқу-әдістемелік жұмыстарымен  танысты.

«Заманауи білім берудің басым бағыттары: ізденістер, нәтижелер» атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясы онлайн, офлайн форматтарында қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Шараның басты мақсаты – білім беру жүйесіндегі соңғы жылдардағы өзгерістер, жаңару бағытындағы оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне қатысты тәжірибе алмасу.

Конференцияға   Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Жезқазған, Ұлытау, Орал, Арқалық, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларындағы білім мекеме қызметкерлерінен 180-нен аса мақала келіп түсті. Бұл мақалалар конференция жинағына енгізіліп, авторларға арнайы сертификат  табысталады.

Ерлан Байсейітов, Shymkent жоғары педагогикалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Кең көлемде студенттердің рухани байлығын арттыру мақсатында үлкен кітапхана ашып жатырмыз. Колледжде ардагер ұстаздар бар, басқа да ұстаздарымыз өздерінің оқу – әдістемелік құралдарын жасап, студенттердің пайдалануына мүмкіндік беріп отыр».

«Өрлеу» кәсіби даму институты және Шымкент қалалық білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырған «Заманауи білім берудің басым бағыттары: ізденістер, нәтижелер» атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясының аясында колледж кітапханасының  оқу залы ашылды.

Қонақтар  педагогтар ұжымының оқу-әдістемелік жұмыстарымен «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері», Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры Абла Көздібаеваның  іс тәжірибелік шығармашылық көрмесімен танысты.

Shymkent жоғары педагогикалық колледжі  бүгінде 13 мамандық бойынша кадрлар даярлап қана қоймай, 17 мамандық бойынша біліктілікті арттыру бағытында жұмыс атқаруда. 1500 студент оқитын білім ордасын биыл 420 түлек  бітіріп шығады.

(№ KZ35LAA00014412 лиц. 25 .07. 2007 ж. ҚР   БжҒМ   БСБК   БСБД    берілген)
Мекенжайы:  Шымкент қ. 8 март көшесі, 22
Тел: 8 7252 50 61 368 701 400 13 638 705 376 00 77
Сайт: shym-college.edu.kz
Email: ukpk_shym@mail.ru
instagram:  shym_kolledj