Мәжілісмендер Көксарай су реттегішінің жұмысымен танысты

839

Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен бірге Көксарай су реттегішінің жұмысымен танысты.

Көксарай су қоймасы

Жыл сайын жазда су тапшылығының тауқыметін тартатын шаруалар Көксарай су қоймасының арқасында бұл мәселеден арылды. Ең бастысы су реттегіші пайдалануға берілгеннен кейін Сырдария жағасындағы елдімекендерде су тасу қаупі сейілді. Құрылысына қазынадан 52,5 млрд. теңге жұмсалған су қоймасының көлемі 46 мың шаршы гектар болса, сыйымдылығы 3 млрд. текше метрден асады.

Стратегиялық маңызы бар нысанда қазір жағдай бір қалыпты, су тасу қауіпі жоқ, су қоры жинақталып жатыр.

Андрей Пахомов

Андрей Пахомов, Көксарай су реттегішінің бас инженері: «1 мыңнан астам текше метр су келіп жатыр. Оның 600-ін Қызылорадаға жіберіп жатырмыз, қалғанын Қөксарайда жинаудамыз. Бүгінде су қоймасында 2 млрд. текше метр су бар».

Шынар Оразова