«Медицина жақын» акциясы өтеді

137

Сәуір айының 23-нен – мамыр айының 6-сы аралығында Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында «Медицина жақын» атты акция өтеді. Ауқымды акция аясында
Шымкент қаласында дәрігерлерден құралған бригада қаланың шетінде орналасқан шағын аудандарға барып, медициналық қызмет көрсетеді.

Жоспар бойынша мамандар 23-30 сәуір аралығында қаланың шетіндегі шағын ауданға барып, қабылдау жүргізеді.

23-сәуір күні сағат 10:00 және 12:00 арасында дәрігерлер «Ақжар» шағын ауданында қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Нақтырақ айтқанда, невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары тұрғындарды жолдамасыз қабылдап,медициналық тексеру жұмыстарын жүргізеді.

24-сәуір күні сағ 10:00-12:00 арасында «Жаңаталап» шағын ауданыда дәрігерлерден құралған топ қабылдау жүргізеді. Бұл күні шағын аудандағы xалыққа невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары медициналық қызмет көрсетеді.

25-сәуір сағ 10:00-12:00 арасында «Қайнарбұлақ»шағын ауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары бар.

26-сәуір күні сағат 10:00-12:00 арасында «Тоғыс» шағын ауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары бар.

29-сәуір күні сағат 10:00-12:00 аралығында «Пахтакор» шағын ауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары халықты жолдамасыз қабылдап, медициналық көмек көрсетеді.