Қошқарата өзенінде балықтардың неден қырылғаны 5 күннен кейін белгілі болады

381
Қошқарата өзенінде балықтар қырылып қалған

Қошқарата өзені төңірегінде тұратын қалалықтар су бетінде қалқыған оншақты балықты байқаған.

Тұрғындар су жәндіктеріне алаңдап, дабыл қағуда. Олардың пайымдауынша ұсақ балықтар таза суда ғана өмір сүреді. Олардың қырылуына өзен суының ластануы себеп болуы мүмкін дейді жергілікті халық.

Бақтияр Мырзабеков, қала тұрғыны: «Бұрын мұндай жағдай болмаған. Мен үшін бұл күтпеген жағдай, қырылып қалған балықтарды көргенде есеңгіреп қалдым».

Бұл мәселе бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігінің қадағалауында. Жергілікті сала мамандары қазір тиісті шараларға кірісіпті.

Әбдуғапар Шажаев, Абай ауданы бойынша  қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының басшысы: «Ақпарат түскен бойда өзендегі су мен балықтың сынамасын алдық Зертханада тексерілуде. Бес күннен кейін қорытындысы белгілі болады».

Қошқара өзеніндегі жағдай шымкентіктерді алаңдатып отыр. Тез арада нақты шара көрілмесе Шымқаланың мақтанышына айналған өзенде тіршілік тоқтап қала ма деп қауіптенеді.

Шынар Оразова