Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары жұмысшылармен кездесті

168

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары жұмысшылармен кездесті. Халық қалаулылары арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істейтін еңбеккерлерді сайлауда белсенді болуға шақырды.

Алдағы саяси доданың ел өміріндегі маңыздылығына тоқталған депутаттар науқан алдында жұмысшылардың көңіл-күйін, хал-ақуалын байқады. Ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Оператор болып жұмыс істейтін Нұргүл Бекмұратова осыған дейін де елде өткен сайлауларда белсенділік танытып, дауыс бергенін айтады. Алдағы саяси додаға түсетін кандидаттардың ішінен де өз таңдауымды жасаймын дейді кейіпкеріміз.

Нұргүл Бекмұратова, оператор: «Біз сайлауға үнемі барамыз. Бұл жолы да кандидаттардан өз таңдауымызды жасаймыз. Ең бастысы елде тыныштық болсын! Халықтың құқы бірінші орынға шықса, әл-ауқатымыз да жақсарады».

Мақпал Рысбаева