Түзету мекемесінің қабырғасына суретшілер қызғалдақтың бейнесін әсемдеп салып жатыр. Мұның барлығы алдағы «Қызғалдақ жолы» фестиваліне арналады.
Фестиваль мақсаты қызғалдақтың отаны – Қазақстан екендігін көрсету. Және қыр гүлінің әлемге таралуын паш етеді. Суреттерден қызғалдақ гүлі табиғат жаңаруының сұлу белгісі екендігі айқын көрсетілген.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының символы ретінде назарды бірден аударады. Айта кетейік, аталмыш байқау 27 сәуір күні қаланың қақ ортасындағы Арбатта өтетін болады.
Азамат Халықов, «Grafitti Kros» командасының мүшесі: «Бұл суреттерді бір аптадан бері салып жатырмыз. Ертең аяқтауды жоспарлап отырмыз. 90 бояу құтылары кетті. Төрт қабырғаның әрқайсысы биіктігі 5 метрден, ені 30 метрдей болады. Біз бұған дейін француз әріптестеріммен бірлесіп, осы қабырғаларға суреттер салдық. Алдағы уақытта да жалғастыруға болады».
Жанерке Хумар